«Жас дәурен» бөбекжай – бақшасы

 «Айгөлек» ортаңғы тобы тәрбиеленушілері арасында өткізілген 

«Көңілді старт» атты спорттық шара

Өткізген: Г.Ғ.Силыханова

 

2022 – 2023 оқу жыл

Мақсаты: салауатты өмір сатын насихаттау мақсатында  балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерн, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.

Сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.

«Жалын» тобы

Жалындаймыз жанамыз

Біз спортшы боламыз

«Шымыр» тобы

Шынықсаң шымыр боласың

Сауығып айдай толасың

Спорттық сайыс 6 бөлімнен тұрады:

  1. «Кенгуру»

Ойын шарты: топ мүшелері үлкен резеңке доптың үстіне отырып кедерілер арасымен айнала секіре өтіп, кері айналып қайту.

  1. «Кім шапшаң»

Ойынның шарты: топ мүшелері қапшықпесекіріп, кедергілерден айналып қайту.

  1. «Хайуанаттарға су бер»

Ойын шарты: топ мүшелері кішкентай шелекен топ мүшесінің шелегін сумен толтырады.

  1. «Кедергілер»

Ойын шарты: жұмсақ матрац үстімен баспен айналып, тунель арасымен өтіп кері қайту.

  1. «Қырықаяқ»

Ойын шарты: балалар топ мүшелерінің артына тіркесіп кеглилер арасымен айналып келеді.

  1. «Кім жылдам»

Ойын шарты: топ мүшелері бір құрсаудың ішіне сыйып, межелі жерге жетіп, үлкен кубиктерден төртбұрыш құрастырады.