«Жас дәурен» бөбекжай-бақшасы

«Айгөлек» ортаңғы тобы

тәрбиеленушілерімен өткізілген  

«Қыс қызығы»  атты ойын

түрлерінен жарыс

 

Өткізген :  тәрбиеші Г. Мырзағалиева

 

2022-2023  оқу жылы

                             

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілінде қимыл-қозғалыс белсенділіктерін дамытып,  қысқы ойындар түрімен таныстыру, ойын кезінде балалардың дене күштерін арттырып, ойынға қызығушылықтарын ояту.        

 -Құрметті балалар!    Бүін «Айгөлек» ортаңғы тобы тәрбиеленушілерінің арасында «Қыс қызығы» атты ойын түрлерінен жарыс өткелі отыр. Бұл жарысқа екі топ қатысқалы отыр.               

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Әр топтың мүшелерін шақырамыз.

 Сайысымызды бастамас бұрын  әділқазылар алқасымен  таныстырайық.

  1. Бөбекжай меңгерушісі: Қарлығаш Құрманбайқызы.
  2. Әдіскер - Жанаргүл Зейноллақызы.

Ендеше топтарымызды ортаға шақырайық.

«Ақ қоян» тобы.

«Ақ аю» тобы.

Жарысымыз  4 бөлімнен тұрады.

Тосын сәт: Орманнан ақ аю мен ақ қоян келеді.

-Біз қонжықтарымыз бен көжектерімізді іздеп келдік, біз олардан адасып қалғанбыз.Олай болса, бірге жарысамыз.

1-бөлім   «Шырша безендіреміз»

Ойынның шарты:      Кедергілерден өтіп, тақтадағы шыршаны безендіру.

2-бөлім  «Мұнара құрастыру»

Ойынның шарты: Жеңіл стакандардан мұнара құрастыру.

3- бөлім  «Қысқа қажетті құралдар»

 Ойынның шарты: Столдың үстіндегі суреттерден қысқа қажетті суреттерді  тауып, қыстырғышқа тізу.

 

4-бөлім   «Сүйікті ас»

Ойынның шарты:  Әр ойыншы кедергілерден өтіп барып, аю мен қоянның сүйікті астарын тасиды.

Жүргізуші:      Осымен жарысымыз да аяқтала келді. Әділқазыларға сөз береміз.

Топтарды марапаттау