«Жас дәурен»бөбекжай-бақшасы»

«Балапан»ерте жас тобында өткізілген жаңа жылдық ертеңгілік

 

Тақырыбы:

 

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

 

Өткізген тәрбиеші: З.Копжасарова

 

2022-2023 оқу жыл

 

Мақсаты:

 

                             Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

                            Жаңа жылда келетін кейіпкерлермен таныстыру.

                           Ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату

 

 

Балалар залға қол ұстасып ән ырғағымен кіреді.

                                                     Жүргізуші:            

                                      Жүзімізде күлкі ойнап,
                                      Қанаттанды жанымыз.
                                      Жаңа жылды біз тойлап,
                                      Шаттанамыз бәріміз.
                                      Өлең де әзір, ән де әзір,
                                      Ойын да әзір – бәрі әзір.
                                      Кел, Жаңа жыл біздерге,
                                      Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

 

 Жүргізуші:

Жасыл желек жамылған, 
 Асыл моншақ тағылған.

 Міне, сұлу шыршамыз

 Көптен күткен, сағынған!
-    Балалар, біздің шыршамыздың шамдары жағылмаған ғой.

Ендеше, 
Кел, балалар, келіңдер!
Тамашаны көріңдер.
Бірге үріп шыршаның 
Шамдарын жағып көріңдер!
-    Қане, бәріміз бірге үріп, шыршаның шамдарын жағайық!
Бір, екі, үш!(үш шапалақ)
Шырша жарқырай түс!(қолдарымен фонарик жасайды)
(Бірнеше рет қайталайды, шыршаның шамдары жанады)
(Ду қол шапалақ!!!!)
Жүргізуші:

- Балалар, қараңдаршы, шыршаның шамдары жарқырай түсті, қандай әдемі!
  Кәне шыршамызға арнап ән айтайық.
Ән: «Тауда туып, тауда өскен»
 (Балаларға жұмбақ жасырады)

-Ақсақалды бір шал бар

Бір жылда бір – ақ рет келеді

Қыздары мен ұлдарына

Сыйлық әкеп  береді

-  Ол ..........?

Балалар 

 -Аяз ата

Аяз атаны шақыру

 (Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата)

 (ән әуенімен Аяз ата кіреді)

Аяз ата

Амансыңдар  ма, балалар,

Амансыңдар ма қонақтар.

Өсті міне ойларың,

Өсіпті міне бойларың,

Құтты болсын балалар,

Келген жаңа жылдарың.

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп ұл – қыздарым

- Ау менің Ақшақар қызым қайда?

Балалар

-Ақшақар, Ақшақар (айқайлап шақырады)

Ақшақар

 (ән әуенімен Ақшақар  кіреді)

Жасыл шырша орманнан,

Сендерге арнайы келіпті.

Ойыншығын балалар,

Шыршаға әсем іліпті.

Сәлеметсіздер ме, балалар.

-Ата, үйде қолбағыңыз қалып қойыпты, соны алып келем деп кешігіп қалдым.

Аяз ата

-  Ой рахмет, қызым, енді көңілім көтеріліп қалды. Балалармен ойын  ойнасам да болады

Ақшақар:

-Өздерің де аман-есенсіңдер ме, менің балғын достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би  билеңдер, таңдайларыңды тақылдатып тақпақ айтып беріңдер. Аяз атаның дорбасында бәріңе жететін сыйлық бар. Менің сіңілілерім де осында екен, кәнекей маған жақындап шыр айнала билеңдер.
БИ: «Ұлпақарлар» 
Тәрбиеші

- Аяз ата төрлетіңіз, отырыңыз,біздің балалардың өзіңізге  арнаған тақпақтарын қабыл алыңыз.

Ляйсан

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет, төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын!

Асылым

Жапалақтап ақша қар,

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаналарын арқалап.

Жұлдыз

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Жәдігер

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

Айзере

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Қызғалдақ

Ақ қырауға оранған,

Сақалы да, мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.

    Ұлжан

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

         Інжу

Ақ күмісін уыстап.

«Қыс» мезгілі келеді

            Көзайым

 О, алақай тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Жаңа жылда бәріміз

Ән айтамыз жаңаша

        Айым

 Бар баланың қонағы

Төрлет ата жоғары.

Барлық бала өзіңдей

Қашан мырза болады?

         Ғани

 Жаңа жылда, жаңа жылда,

Жаңаша тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша

Аппақ біздің атамыз.        

 Жаңа жылды біз тойлап,
 Шаттанамыз бәріміз.

              Ясмина

 Жаңа жылды қарсы алып,

  Шыршамызды айналып
  Би билейік, ән салып.

  Баршамызға жар салып.

  Аяз ата

-Өнерлі балалар, өнерлі қыздар көп екен. Рахмет сендерге. Мен сендерге ескі жыл барысты ала келдім.
 Жүргізуші

- Аяз ата, барыс  жыл басы мен боламын деп тұр, тақты ешкімге бермеймін дейді. Ал барысқа ешкім қарсы шыға алмайды, оны өзіңіз білесіз.
Енді қайттік? 
Аяз ата

-Әй, Барыс, сен өзіңді бәрінен де әлдімін деп ойлама. Сенің жылың аяқталды, ендігі жыл қояндікі. Орыныңды қоянға бересін.

Барыс

-Ырр.. Мен барыспын, барыспын,
              Бәріне мен таныспын, таныспын.
              Айналама сыйлымын, сыйлымын,
              Сезімсізбен алыстым,алыстым.
              Күшіме мен сенемін, сенемін,
              Бәрін де  де жеңемін, жеңемін.
              Жыл басы болуға, шіреніп мен келемін.

  Барыс

-Сіздер білесіздер, өткен жыл  біздің жылымыз болды,
 бұл мереке маған арналған, өйткені бұл менің жылым. Бәрі менің қалауым бойынша болады.
Түлкі

- Ой,  сәламатсыз ба қадірменді, әмірі күшті, барысжан. Кәне, балалар, амандасайық ескі жылмен.
Балалар:

-Сәламатсыз ба!
Түлкі

- Не қалайсыз? Бүкіл тілектеріңізді орындайық.
Барыс:( таяғымен жерді бір ұрып)

- Көңілімді көтергім келіп тұр. Мерекенің сәнін келтіріп бір би билеңдер!
Түлкі

- Кәне тұрыңдар , тұрыңдар, барыстың көңілін көтерейік.
Түлкі

- Барысжан, қалай, көңіліңіз көтерілді ме?
Барыс

- Ия,өте жақсы болып қалдым,көп рахмет,енді мен сендермен қоштасайын,менің орныма қоян келе жатқан болар.

 Аяз ата

- Ал маған да кететін кез келді (қолын бұлғалап, бұрылып шығуға дайындалады)

Ақшақар

- Ата,сен әзілдеп тұрсың ба,сыйлықтарды беруді ұмыттың ба?
Аяз ата

-Ой, ақбас ау ,ақбас .  

  Кәне, мен сендерге көрсетемін сиқырды
  Бір, екі, үш, сыйлық мұнда түс.

Ән әуенімен жаңа 2023жыл қоян  жылын қарсы алу (арбамен шанамен сыйлықтар алып келеді)

Қоян шанамен сүйреп залға сыйлықтарды кіргізеді,

Қоян:

- Барыс жылына ризамыз

Барыс жылы,саған мың алғыс.

Енді міне, мен келдім,

Қуаныш,бақыт ап келдім.

Мен қоянмын, қоянмын,       
 Секіремін, ойнаймын,

Өзім сондай аппақпын,

Жыл басына лайықпын.

-Кәне балалар,менімен бір би билеп жіберейік.              
Би: «Аппақ, аппақ қояндар»
 (Аяз ата мен Ақшақар сыйлықтарды үлестіреді)
Аяз ата: Өнерлі екен ұлдарың,
               Өнерлі ару қыздарың,
               Жарқын, жарқын жүздерің,
               Жайнап өссін, гүлдерің.
               Күнбағыстай жайқалып,
               Биіктеңдер өздерің.
               Ақ көрпемді жамылып,
               Мұздан алқа тағынып,
               Әр жыл сайын сендерге,
               Келіп тұрамын сағынып.
Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болыңдар, балалар!
Балалар

- Қош сау болыңыздар, Аяз ата мен Ақшақар!    
Жүргізуші:  

-Осымен жаңа жыл ертеңгілігіміз де аяқталды,көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет,жаңа қоян жылымыз мерекелі де берекелі жыл болсын. Ендігі мерекемен құттықтау сөз бөбекжай-бақшамыздың меңгерушісі Қарлығаш Құрманбайқызына беріледі.