«Жас дәурен» бөбекжай-бақшасы

 

«Айгөлек» ортаңғы тобы тәрбиенушілерімен өткізілген мерекелік ертеңгілік

Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Өткізген: тәрбиеші А.А.Курмашева

 

2022 оқу жылы

Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Айгөлек» тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы:

Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады)
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет
Аю: - Здравствуйте, ребята! С Новым годом!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар: Аю.
Жүргізуші: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес...
Балалар: иә.
(осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)
Маша:– Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)
Аю: - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)
Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!
(Екеуі қуанып, балалардың жанына келеді)
Жүргізуші: Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік... (деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады)

Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы.
(шыршаға қарап)
Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі - түсті ойыншық
Шыршада көз тартады.
- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.
Бәрі:

Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, Ақшақар 3 - рет
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар:- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Ән: «Жасыл шырша»
Би: «кішкентай Аяз аталар»

Ақшақардың сұрақтары:
Мен білемін бір ойын

Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,ал сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар:

Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......
Балалар: Әдемі!
Ақшақар:

Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.
«Снежинка» биі
Аяз ата:
Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!
Ойын: «Шыршаны безендіреміз»

Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын барыс  жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, барыс қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.
 (барыс келеді)
- Ау, барысжан сенімен де қоштасатын кез келді.

Барыс - Айсұлтан
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Қоян - Айлин
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін

Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош бол,Ескі жыл!
Бәрі:Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты,
         Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

 

Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.
Ойын: «Аққала суретін сал»
Шарты: Екі топқа бөлініп қағаз бетіне аққаланың суретін салу көздері байлаулы болады.( ата - аналармен)
Аяз ата: мына ата - аналар да мықты екен.
Түлкі:- О-О, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек
Түлкі:
Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)
Қасқыр: Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)
Мен қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын өрістен.
Ұйқым келмейді егерде
Қозы етін жемесем
Ахо - хо. Охо - хо.
(осы кезде ит шыға келеді)
Ит:
Ей, қасеке, қасеке
Сен де адал емессің.
Мен тұрғанда қозы, лақ
Оңайлықпен жемессің.
Аф - аф - аф
Жеті қазына бірімін
Қасқыр келсе үремін
Аяз ата мен сізге
Тақпақ айтып беремін.
Аяз ата: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой. (ал сыйлығыңды)

Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.
Наргиза:

Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Айсұлтан:
Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.
Ұлдана:

Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен

Расул:
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Әппақ Аяз атамыз.
Аянат:
Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса, жаусын Ақшақар!
Айлин М:

Қандай әсем шартарап,

Шаттық күйге бөлеп тұр.

Кәмпиттерін арқалап,

Аяз Ата келіп тұр.

Жансейіт:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жып -жылтыр болып жатады.

 

Айлин Н:

Аяз ата аппақ,

Кәмпиттері тәтті-ақ.

Маған кәмпит көп берсең,

Тағы айтамын тақпақ.

Айбатыр:
Киіндік ұл мен қыз
Аң болып, жан болып
Танымай тұрсын деп
Досымыз таң болып.
Сұлтан:
Кезектесіп балалар
Тақпақ айтып береміз
Сұрақ қойса Ақшақар
Ойланып жауап береміз.

Аяна:

Шыршамызда қаншама
Түрлі - түсті шырақтар
Күлгін түсті тоқаштар
Жарқыраған алтын бар.
Ибраһим:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Жауса, жаусын Ақшақар!
Дана:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
Қымбат:

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау қарлы шың.

 

Әмина:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Асылым:
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.
Жүргізуші: Міне, балалар аңдар да өнерлерін көрсетті.
Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен белсенділік танытып жүрген және он саусақтарынан өнер тамған ата - аналарым мен балаларым бірлесіп ойыншықтар жасап әкеліп көрмеге шын жүректерімен қойған ата - аналарды марапаттағым келіп тұр.
(ата - аналарға алғыс хат табыстау)
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңдар! Рақмет сендерге!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты  мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!