https://zhasdauren.mahambet-bb.kz/kz/zha-aly-tar/208-ol-ap-ertegisi.html#sigFreeId45ffad3802
«Жас дәурен» бөбекжай-бақшасы
«Айгөлек» ортаңғы тобы
тәрбиеленушілерімен өткізілген іс-әрекет
«Қолғап ертегісі»
Өткізген : тәрбиеші Г. Мырзағалиева
Қаңтар 2022-2023 оқу жылы
Мақсаты: Балаларды ертегіні тыңдай білуге, оны сомдай білуге үйрету. Кейіпкерлерімен таныстыру.Бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Жүру барысы:
Балалармен сұрақ-жауап алмасу.
-Қандай ертегілерді білесіңдер?
Жұмбақ жасыру.
Үйін жинап ертемен,
Мейіз тауып алыпты.
Мысығы келмеген соң,
Ол өкпелеп қалыпты.
-Қай ертегі деп ойлайсыңдар?
Атай өзі салғанын,
Көрді өсіп қалғанын.
Ары тартты, бері тартты,
Тарта алмады.
-Бұл қай ертегі?
Атасынан қашып кетті,
Әжесінен қашып кетті.
Кездестіріп біраз аңды,
Біраз жолдан асып кетті.
-Бұл қай ертегі?
Тосын сәт: Ертегілер елінен келген сәлемдеме.
«Қолғап ертегісі»
Жұмбақ:
Бес балаға бір бешпент,
Бірге киіп, бірге шешпек. (Қолғап)
Ертегіні оқып беру, мазмұнын айту, кейіпкерлерімен таныстыру.
Ойын: «Кейіпкерлерді орналастыр»
Ертегіні сахналау. Қорытындылау.